Мен саған ғашықпын...

  • Kaztube
Kaztube: Мен саған ғашықпын...
Kaztube: Мен саған ғашықпын...… Бүгін қуанышымда шек жоқ. Ала жаздай еңбек етіп, күн демей, түн демей еткен еңбегіміз бен төккен теріміз ақталған күн болды. Әкем ерекше мәз. Қыстақтағылардың да бетіне қан жүгіріп, кішкене балаларға дейін бұл қуаныштың мәнін ұққандай. Енді осы мәпелеп өсірген құлпынайымызды базарға шығарып сатсақ, біраз қарызымыздан құтылар едік. Қыстағымыздың да ажары кіріп қалар еді-ау. Әйтпесе жаңа ғана иесі келіп кетті. Әдеттегідей апшыны қуыру ғой. Базарға шығарамыз деп қойған құлпынайдың бәрін салып ап кетпекші. Сонда бізді немен күн көреді деп ойлайды екен?! Қарызын қалай жабамыз сосын?! Әйтеуір үйтіп-бүйтіп, уақытты создық-ау! Енді базарға шығу ғана қалды...

Базарға әкем екеуміз барамыз. Ауылда қалатын Клауидің мені кекетіп, мұқатқанын да елер емеспін. Өмірден көрген теперіштерін бейне бір мен істегендей, жауығатынын әлі түсінген емесін. Етім үйреніп кеткен секілді. Оның үстіне өзім де көңілдімін.

Kaztube: Мен саған ғашықпын...Айтпақшы түнде түс көрдім. Сол түсіме қарағанда аспаннан бір жақсылық келіп менің басыма орнайтындай. Білмеймін өтірік шынын, бірақ аспаннан салбырап түсетініне сенбесем де, өмірімде бір жаңалық болатынын түйсінгендеймін.

Ал кеттік… Кенет жолда бір нәрсе тарс ете қалды. құлпынай тиелген машинаның бортына бір нәрсе құлағандай болды. Әкем екеуміз кабинадан аты шығып қарасақ, сатамыз деп үміттеніп келе жатқан құлпынайларымыз жерге құлап, Kaztube: Мен саған ғашықпын...құламағандарын бір нәрсе езіп тастапты((

Тоқтай тұр..! Машинаның үстіне кенеп секілді бірдеңе көрінеді ғой. Мен жалма жан әлгі ақ кенепті көтере бергенім сол еді… Астынан… Астынан бір бозабаланың шыға келгені. Көзін-ай… Жалт етіп қарағанда, неге екенін білмеймін, бойымнан тоқ жүгіріп өткендей болды… Не ашудан, не басқа бір сезімнен дір-дір етіп тұрып қалдым…

Құрметті, көрермендер! Бұл — 31 арнадан көрсетіліп жатқан «Мен саған ғашықпын» атты телехикаядағы сюжет. Дәл осы сериалды әрмен қарай көргіңіз келсе, басты кейіпкердің жан-дүниесін сезініп, әлгі аспаннан түскен бозбаланың кім екенін білгіңіз келсе, KazTube порталынан қарауыңызға болады. Барлығы да сіздер үшін!)
Әрі қарай

«31 арна» романтикалық шытырман оқиғалардың тұңғиығына сүңгуге және өткен заманға саяхат жасауға шақырады!

12 сәуір күнгі шытырман оқиғаға толы кинокөрсетілім – сенбілік кешті көңілді әрі қызықты өткізуге таптырмас мүмкіндік. Эфирде нон-стоп режиміндегі қатарынан үш фильм.

Блог - 31arna: «31 арна» романтикалық шытырман оқиғалардың тұңғиығына сүңгуге және өткен заманға саяхат жасауға шақырады!
Әрі қарай

керек дерек - Дила


Дила Ханым атты телехикая бүгін, яғни 1-шілдеден эфирге шығады. Кешкі 8.40-та.
Сіздерге бұл ақпарат қызық па, жоқ па ол жағын білмедім. Дегенмен, ғаламтор қауымдастығына ақпарат тарату міндетін атқарып отырғаным ғой.

Кейінгі кездері Кузей-Гюнейден өзге түріктің жақсы сериалдарын көре алмадым. (Сулейманды есепке алмаймыз, олар бәсекелестер)

Бірақ, Диланың сюжеті ерекше екен. Күйеуін өлтірген адамға ғашық болған Дила ханымның оқиғасы.
Банально… деп айтуға асықпаңыз. Өйткені, Дила екі күн ғана жұбайлық өмір сүріп, жесір қалған соң, жарын өлтірген адамнан кек алмақ болады (кешіріп қоя салса болады ғой).

Сөйтіп аттан жығылып, әлгі Рыза атты Эркан Петтекаяның кейіпкерімен танысады (күйеуін өлтірген сол ғой). Оған ғашық болып қалады.
Әрі қарай

"Шегініс" түрік сериалы 31 арнада!




Жолдың ақыры ма, жаңа өмірдің бастауы ма?
Сіз күйеуіңіздің қайда екенін білесіз бе? Мен де осы сұраққа әрқашан жауап бере алам деп ойлаған едім. Бірақ бір күні мен білуге тиіс емес бір жайттң бетін аштым. Мен сіздерге жаралы жүректер мен достық туралы оқиғаны баяндап берем. Менімен бірге осы жолды жүріп өтуге дайынсыз ба?
Менің атым Айлин. Қарапайым, бақытты әйел едім, жұмысым, бақытты да бақуатты отбасым мен Селим атты күйеуім бар еді. Біздің отбасымызда әрбір әйелдің бақыты үшін қажеттінің бәрі болды – махаббатқа, сыйластыққа құрылған шаңырақ, түсіністік. Мен күйеуіміз екеуміздің арамызда ешқандай құпия-сыр жоқ деп ойлап келдім, менен бақытты жан жоқ еді… Құдайым-ай, мен қалай қателесіп келгенмін.
Толығырақ

Үйсіз-күйсіз журналистер

Бермесең, бермей-ақ баспанаңды…

31 арнадағы Информбюро бағдарламасы, үйсіз журналистердің мәселесін көтермекші. Расында журналистер тұрғын үйге қатысты ешбір мемлекеттік бағдарламаға жатпайды, (тек жас отбасы болмаса), әдетте бойында ұлтына деген ықыласы мен энтузиазмы бар журналистер пәтерден-пәтерге көшіп, азғантай жалақысы мен газет-журналдарда, телеарналарда шапқылап жүреді… Жалпы аталған БАҚ-тың нары да, бары да солар, материал жазу үшін, шығару үшін ізденіп, ат шалдырып алысқа желіп, жалпы дайын мақала мен телерепортаждың ыстық-суығын көтеріп, төзіп жүретіндер де осы бауырларымыз. Осындай кейіпкерлерді шақырамыз!!! Маған личкоға хат жазса деген өтінішім бар… Өздеріңіз білетін осындай журналистер туралы жаза отырсаңыздар, алғыстан басқа айтарым жоқ!
Әрі қарай

Әуе.Жер.Ғашық - Каппадокия





Қазір «31 арна» эфирінен беріліп жатқан «Әуе. Жер. Ғашық» телехикаясы оқиғаларының тартымдылығымен ғана емес, телетоптама түсірілген орынның табиғатының әдемілігімен де көрермен назарын өзіне аударды. Басты рөлді сомдаған – Бирче Ақалай мен Мұрат Уналмыш – телехикая түсіріліп жатқан Каппадокия жері туралы әсерлерімен бөлісті…

Каппадокия табиғатының әдемілігімен және ғасырлар бойы салынған жерасты қалаларымен, таудан қашалған ғибадат орындарымен әйгілі. Бұл табиғаттың өзі жасаған керемет орын.

Басты рөлдегі Хавваның рөлін сомдаған актриса Бирче Ақалай, Каппадокиямен өзінің арасында беймәлім тылсым байланыстың бар екенін айтады.
«Мен Стамбулды өте қатты жақсы көрем, одан тыс жерлерде жұмыс істеу маған қиын. Үнемі жұмыста болғандықтан, қалыптасқан әдеттерім бар. Түсірілім барысында мен үйімді қатты сағынамын. Алайда, Каппадокия жайлы орын екен, мен бұл жерден жаныма сая таптым. Бұл өте ерекше жер, тіпті оған бауыр басып кеттім.
Стамбулдан келгенім кеше және достарыма қашықтыққа бұрынғыдай қатты қиналмайтынымды айтам. Бұл орынды аралап көруге бұрын мүмкіндік болмағаны өкінішті. Стамбулға оралғанда осы өңірдегі үйлесім мен тыныштықты аңсай бастаймын»,-дейді актриса.

Бирченің өмірінде бұл аймақтың маңызы ерекше, өйткені дәл осы жерде хикаяның түсірілімі баысында ол болашақ жары – Мұрат Уналмышты кездестірді. Олардың хикаядағы махаббаты, шынайы өмірде үйлену тойымен аяқталды.

Мұрат Уналмыш (Юсуф) осы жердің тумасы, сондықтан да бала кезінен бұл өңірді жиі аралаған. Дарынды актер түсірілім жұмыстары басқа емес, дәл осы Каппадокияда өтіп жатқанына қуанышты.

«Менің пікірімше, телехикаяның табысты болуының негізгі себебі де осы. Мен, жақын маңда орналасқан Кайсериденмін, алайда Каппадокияның кереметін бұрын-соңды дәл осылай сезініп көрмеппін. Бұл шынында да өте әдемі орын, мен үшін маңызы да ерекше. Бұрын мұнда ата-анама еріп келетін едім. Ал түсірілім жұмыстарына келгенімде өзгеше бір тылсымды сезіндім. Бұл орынның айрықша жағымды қуаты бар»,-дейді актер.
Хикаяның режиссері Атил Инанш айрықша орында, айрықша өнер шеберлерімен жұмыс істеп жүргеніне сенімді. Атилнанштың ойынша, телехикаяның көрермендерді тартуына Каппадокияның жағымды қуатының да әсері ұшан-теңіз. Режиссер: «Менің тобымда тек кәсіби мамандар жұмыс істейді, оларға менің алғысым шексіз. Түрік телехикаяларының басым бөлігі соңғы жылдары Стамбулда түсірілді, қала да көрермендерді жалықтырып жіберді. Каппадокия – өте әдемі, ол көпшііктің назырына тұрарлықтай орын».

Топрақтың рөлін сомдаған Селен Сойдер де бұл өңірге ғашық екенін айтқан болатын. Дарынды актриса Каппадокияда жұмыс істегеніне қуанышты болғанын мойындаған еді.

Хикаяға қатысты тағы бір жаңалық,



Мұрат Уналмыш

«Әуе. Жер. Ғашық» фильмінде ұстамды да, сезімтал Юсуфтың рөлін сомдап миллиондардың жүрегін жаулаған актер 1981 жылы дүниеге келген. Киноөндірісіне келмес бұрын ол кәсіби спортта атағы дардай жұлдыз болған. Студент кезінде-ақ, «Фенербахче» баскетбол клубының құрамында ойнаған. Ал, телехикаяға түсуіне, ұлын киноактер ретінде көргісі келген анасы ықпал еткен. Осылайша, тағы бір талантты актерді көпшілік таныды. Қазір ол түрік киноөндірісіндегі сұраныстағы актерлардың бірі.

Бирче Ақалай
Бирче Ақалай, тәуелсіз, мақсатшыл, тәкаппар Хавваның рөлінде ойнайды, ол 1984 жылы Стамбулда дүниеге келген. Театр саласында жоғары білім алады. Әр жылдары Түркияның телеарналарында тележүргізуші ретінде «Чемпиондар лигасы», «Сегізінші кезең» секілді спорттық бағдарламаларды жүргізеді. Одан кейін, «Түркия аруы» байқауына қатысып, үшінші орын алады. Бұл байқау үшінші орын ғана емес, Бирчеге үлкен мүмкіндік сыйлады. Өйткені оны байқаған режиссер, кастингке шақырады. Киноәлеміне актрисаның сапары осылай басталды. Бүгінде бірнеше телехикаяға түсіп үлгерген сұлу, «Еуропа Аруы» байқауында бағын сынап, ақтық мәреге жетті.
Бирче мен Мұратты тағдыр «Әуе. Жер.Ғашық» телехикаясының түсірілімі барысында тоғыстырды. Әріптестік байланыс, көп ұзамай махаббатқа ұласты, танысқан соң, үш ай өткеннен кейін, мамыр айында олар үйлену тойларын жасады. Бұл жұлдызды жұп түрік халқының мақтанышы. Оларды үлгі тұтып, қайырымдылық кештеріне шақырады.

Cелен Сойдер

Селен Сойдерді жұртшылық телехикаядағы нәзік те, сүйкімді Топрақ арқылы біледі. Ол 1986 жылы 26 желтоқсанда Измир қаласында дүниеге келген. Анадолы университетін «қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы «Түркияның сұлу модельдері» байқауында жеңімпаз болды. Халықаралық «Әлем Аруы» байқауында (Пекин) үздік бестіктің қатарына енді, «Үздік ұлттық киімі» үшін марапатқа ие болды. Ал, 2007 жылы «Түркия Аруы» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Содан кейін, жарнамалық роликтерге және бейнеклиптерге түседі. Ал киноэкранға 2010 жылы шығады. Бірқатар киносыншылардың пікірінше, Селен өзінің нәзіктігімен және айрықша сұлулығымен түрік киносына ерекше леп алып келді. Қазір ол Стамбул университетінің тарих факультетінде білім алуда.
Әрі қарай

Құттықтауларыңа болады!!



Жақында «31 арнада» басталған «Базарбаевтар» отбасылық комедиясы бірінші күні-ақ көрермендердің назарын тарта білді. Бұл әдетте ең прайм-тайм уақыттарын орыс тілді бағдарламаларға беретін коммерциялық телеарналар үшін, атап айтқанда біздің 31 үшін ерекше жаңалық болды. Өйткені қазақ тілді жобаға көрермендердің мұндай қызығушылығын күтпегендіктен болар. Осылайша, алғашқы күні Базарбаевтар жалпы көпшілік аудиторияда 23 пайыз үлеске ие болса, қазақ тілді көрермендердің 33-пайыз үлесін иеленді…
Құттықтауларыңа болады!!)))

Ал мен мұны қазақ елінде қазақ тіліндегі қызықты жобалар көрермендер ең көп көретін уақытқа (прайм-таймға) қойылуы тиіс деп есептейтін, барша жандардың кіші-гірім жеңісі деп есептеймін. Шын айтам!!! Қазақстанда негізінен орыс тілді халық тұрады деп есептейтін өзгетілділіктер, арналардың басым көпшілігінде бар (басшылық орындары туралы айтпағанда). Бұл бөліну емес көрермендердің талғамы әділ саралануы тиіс деген ішкі бір жанайқайым ғана… Оның үстіне қазақ тілді жобаларға жарнама бермейді деп мұрнын шүйіретіндерін қайтерсің!!! Прайм-таймға қойылса, сапалы хабар болса неге жарнама келмейді қазақ тілді жобаға, осыған ақылым айран!!!
Әрі қарай

Базарбаевтар - отбасылық комедия



Ситкомның оқиғасы Алматыдағы қарапайым үшбөлмелі пәтерде өтеді: Саламат пен Айғаным және балалары – Шерәлі, Арсен, сондай-ақ, бірінші курс студенті Гүлнәр.
Отағасы Алматы метросының құрылысына белсенді атсалысып жатқан маман, бригадир, Айғаным белгілі тележүргізуші, сондай-ақ, туған-туыс, құда-құдағилармен ішкі-сыртқы саясат сияқты барлық мәселені қадағалап отыратын ханым. Үлкен ұлы Шерәлінің жасы 25-те. Ол болашағынан үміт күттіретін футболшы. Ортаншы ұлы – Ералы Кембридждің студенті, кіші ұлы Арсенді көршілер мен мұғалімдердің бәрі жақсы көреді, ал Гүлнәр әкесінің сүйікті қызы. Сонымен, бәрі де тамаша еді…
Алайда, күндердің күнінде үлкен ұлдары Шерәлі аяқ астынан келін әкеліп, өзі де тарлық етіп жүрген пәтерде қиындық туындай бастады.
Енді Базарбаевтар отбасында кез-келген ұсақ-түйек, тіпті 1 шаршы метр жерде… ұрыс-керіске себеп болуы мүмкін. Алайда, осындай болмашы қиындықтарға қарамастан, бұл үйдің адамдары кез-келген жағдайдан жол тауып кетеді.
Жылы: 2012
Жанры: ситком
Өндіруші: «Kazteleproduct», «31 арнамен» бірлескен жоба
Бас продюсер: Нұрлан Қоянбаев
Сценарий: Нұрлан Қоянбаев, Нұрдәулет Шертім, Жаммид Көшербаев
Қоюшы-режиссер: Стас Булов
Рөлдерде:: Бекжан Тұрыс, Райхан Халиолдина, Нұрдәулет Шертім, Аида Жантілеуова, Гүлнәр Сильбаева, Дастан Қалдыбаев, Нұрлан Қоянбаев, Нұржан Тұтов, Күнсұлу Тұрғынбекқызы, Бақыт Әліпбаева, Әлихан
Әрі қарай

Нұрдәулет Аиданың бар құпиясын жария етті



"Қазақтар" КВН командасының мүшесі, отандық КВН саласында өзіндік қолтаңбасы бар, «31 арнадағы» "Әзіл -студио" жобасының актері Нұрдәулет шертім «Базарбаевтар» жаңа отбасылық комедиясын түсіру барысында, әріптесі Аида жантілеуова туралы барша құпияны жария етті!!!
«Базарбаевтар» отбасылық комедиясын аз уақыттан соң, 31 арнадан көре аласыздар!!!
Әрі қарай

Нұрдәулет түсірілімге кедергі келтірді


"Қазақтар" КВН командасының жетекшісі Нұрлан Қоянбаевтың продюссерлігімен түсірілген жаңа Базарбаевтар ситкомын түсіру барысында, КВН жұлдызы Нұрдәлет Шертім түсірілім барысына кедергі келтірді.
«Базарбаевтар» ситкомына қатысты эксклюзивті материалдарды осы еркін блок жүйесінен үнемі бақылап отыруларыңызға болады.
Ал, отандық ситкомның тұсаукесерін жақын күндері 31 арнадан жіберіп алмаңыздар!!!
Әрі қарай

Нұрлан Қоянбаев кинода бағын сынап көрмек



Қазақтар" көңілді тапқырлар командасының капитаны, Нұрлан Қоянбаев бұдан былай кино саласына продюсерлік етпек. Қазірдің өзінде түсірілім жұмыстары басталып кеткен тележоба, жақын күндері отандық телеарналардың бірінен көрерменге жол тартады«Базарбаевтар» деп аталатын сериал комедия жанрында болмақ. «Базарбаевтардың» басы «біссіміләдан» басталды. Жаңа жоба жұғысты, әрі кірісті болсын деген түсірілім тобы, алғашқы күні қазақи ырымды айналып өтпеді. Режиссер Ресейден арнайы шақыртылғанымен, сериал сценарийін, еліміздегі әзіл саласының майталмандары жазыпты. Нағыз ұлттық нақыштағы өнім, қазақ отбасының бүгінгі жайын жеңіл күлкімен жеткізбек.
Әрі қарай

Фокус группаға шақырамын



Қымбатты керектіктер… сіздердің түрік сериалдары, оның ішінде 31 арнада болып атқан телехикаялар туралы пікірлеріңізді білу үшін, фокус-группаға шақырамын. Ол екі түрлі жүргізіледі. 1. осы сайтқа жарияланған сурақтарды талқылау түрінде. 2. алматылықтар үшін, оларды 31-арна ғимаратына белгіленген мерзімге шақырып, пікірлерін білгіміз келеді… атсалысалысады деп ойлаймыз. Алматыда, 31 арнада өтетін фокус группаға ниет танытқан қыз-келіншектер жазып, менің поштама хабарласса екен деймін!!!
Әрі қарай

Барлық керектіктерге жалынды сәлем!! Берен Саат 31 арна эфирінде


Жаңа жылдың алғашқы күндерінде «31 арна» өз көрермендерін бірнеше жобалармен қуантпақ. 4 қаңтардан бастап – «Әуе. Жер.Ғашық.» және «Мезгілсіз сезім» хикаялары эфирге жол тартады. Алғашқы телетоптамада бас рөлдерді әр жылдарда Түркия Аруы атағын алған Cелен Сойдер мен Бирче Ақалай сомдаса, екінші хикаяда қазақстандық көрермендермен жақсы таныс Берен Саат пен Кыванч Татлытугтың өнеріне куә боласыздар.
Әрі қарай

Қазақша концерт





Көрермендердің жүрегін жаулап, көпшіліктің көңілінен шыққан 31 арнадағы жобалардың бірі қазақша концерт. Нұрлан Қоянбаев пен Нұрдаулет Шертім және өзге де КВН арқылы танылған шебер шоумендер жүргізетін бұл думан, қойылымдарының тартымдылығымен, осы заманғы әзілді дөп басып айтуымен және жоба авторларының ізденгіштігімен ерекшеленеді.
Әрі қарай

Сүйінші!! Махаббат пен жазаның соңғы сериялары!!! Таяуда!!!



Енді мен еркін демалатын болдым!!! ))) Өйткені Аршаттың аса ұната қоймайтын сериалы «Махаббат пен жаза» таяу күндері ақталады!!! Біздің сайт, ол телетоптаманы Нұрекеңнің (Нұрғиса) көмегімен көріп бітірді. Дегенмен, үнемі теледидар арқылы көріп жүретін жандар, мәселенің ақ-қарасын анықтап, терең тыныстап, ал, Аршат сценарийі ең нашар фильмнің аяқталғанына қуанатын болды!!!
Қуаныштарыңызға ортақпын!!! Алайда, 31 арнада тағы бір керемет сериал басталайын деп жатыр!!! Ол туралы келесі постқа жазам!!!
Әрі қарай

Информбюродан көргенім

мына кызыкты карандар… кеше 31 арнадан информбюро жаналыктарын кордим. «Махаббат және жаза» түрік сериялынан кейін болат екен 19 00 де. бірінші қазақшасы, кейін орысшасы… қызықты тақырыптар көтеріп жатты. Шымкенттегі құрбан айтқа 70 адам құрбандыққа шаламыз дегеніне бір таңырқап қалдым. бірақ сол шуды көтергендерді ұстапты деп көрсетіп жатыр. бірақ сену қиын… қай ақымақ өзі қылмысты листовка таратып жүріп өзінің тел.номерин көрсетіп қояды екен.

бірақ мәселе ода емес… ары қарай көрдім. қазақшасы бітті орысшасы басталды… кей ақпаратты «синхронный перевод» қылып қайталады. бірақ қазақшасында болмаған жаңалықтарды да көрсетті соның бірі Роман Райфелд туралы… байғұсты ұрып кеткен екен… басында журналист әріптес болғасын жаным ашыды арине… бірақ экраннан көз алмай қарап отырғанымда мына суретті байқап қалдым..роман кж

коріп отырсаңыздар Романның артында қазақ эстрадасы «жұлдыздарының» ән жинақтары тұр. ((((
Осындай суретті көрсеткен 31 арнаның басшылыгы қайда қарап отыр…
пы.сы: Осы жаңалықтардан кейін Романның суреттерін интернеттен іздестіріп әлгі суретті тауып алдым. басында жаным ашып отырған "әріптеске" енді таяқ жегені дұрыс болған екен деп отырмын. бірақ осындай суретті миллиондаған көрерменнің назарына ұсынған 31 арнаға айтар қанай уәждерің бар??????


тағы да пы.сы: осы жаңалықтың видеосын тауып алсаңдар қосып қойыңыздаршы!
Әрі қарай